Шымкенттік фельдшер жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды

0
133

Осындай сәттерде әр секунд маңызды.


Шымкенттік фельдшер жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері 71 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды.

27 наурыз күні 103 қызметіне шұғыл шақырту түсіп, бригада науқасқа тез жеткен. Дәрігерлер оның инфаркт алғанын және жағдайы өте ауыр екенін анықтаған.
Көмек көрсету кезінде науқастың жүрегі тоқтап қалған. Фельдшерлер бірден жүрекке массаж жасап, екі рет ток беріп, қайта соқтыра алды. Бірнеше минуттан кейін науқастың жүрегі қайта соғып, тынысы қалпына келді. Қазір ол ауруханада ем алуда, жағдайы жақсы.
Жедел көмекті көрсеткен фельдшерлер — Жантуганов Ержан және Шаяхметова Гузеля. Осындай сәттерде әр секунд маңызды. Бұл жолы дәрігерлер уақытты жоғалтпай, адам өмірін сақтап қалды.
Бөлісу