​Шымкенттік ғалым «Жаңалық авторы дипломына» ие болды

0
2 570

Ол электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік бар екенін дәлелдеді


​Шымкенттік ғалым «Жаңалық авторы дипломына» ие болды

Шымқалада металлургия ғалымдары ғылыми жаңалық ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Виктор Михайлович Шевко М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде көп жылдан бері еңбек етіп келеді. Ғалым қазіргі таңда «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

Профессор соңғы кезде металлургия саласы бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысып, нәтижесінде арнайы пештен бір сәтте бірнеше өнім түрін алуға болатынын дәлелдеп, ғылыми жаңалық ашты.

Ғалым алдымен ферроқорытпадан кальций карбиді мен түсті металдар бөлетін қабілетке ие қондырғы ұсынған болатын. Нәтижесінде ферроқорытпалардың түзілуін жеделдетуге және электр энергиясын тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.


Айта кетерлігі, бұл ғылыми жаңалықты ойлап тапқан профессор Виктор Михайлович зерттеу жұмысын еліміздегі минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының ғалымдарымен бірлесіп, жүзеге асырған.

Ғалымның айтуынша, осы реакцияларды одан әрі зерттеу барысында темір силицидтерінің пайда болуының, яғни бұрын белгісіз құбылыс болған затты кальций карбидімен бірге алу кезінде анықтауға мүмкіндік берді. Бұл жаңалықты өнімдерді бірлесіп алу сәтінде бір мезгілде кезекті, параллель және ілеспелі реакциялардың жүруімен байланысты болған кезде байқаған.

Сондай-ақ, профессор болашақта да бірнеше тың жобалар дайындап жатқанын, және оны уақыты келгенде жария ететін жеткізді.


Ашқан жаңалығы үшін профессор Виктор Шевкоға Ресей жаратылыстану ғылымдарының академиясының «Жаңалық авторы дипломы» және «Петр Капица атындағы Алтын медалі» табысталды.