Қазақстан құрамасы командалық және көпсайыс жаттығуларда жақсы өнер көрсетті.
Шымкенттік гимнастшылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ал, Милана Парфилова доппен жаттығуда алтын және шеңбермен көрсеткен өнері бойынша бір күміс жүлдесін иемденді.
Қазақстан құрамасы командалық және көпсайыс жаттығуларда жақсы өнер көрсетті. Әсіресе жасөспірімдер қос бағытта да бірінші орынға тұрақтады. Ал жекелей сында Милана Парфилова топ жарды. Ол доппен жаттығу жарысына қатысқан болатын. Бұған қоса, Айым Мейіржанова мен Эрика Жайлауова күміс жүлдегер атанды. Олар сәйкесінше, булавамен және лентамен өнер көрсеткен еді. Ересектердің де көрсеткіші жаман емес. Қазақстан құрамасы командалық біріншілікте 2-орынға тұрақтаса, көпсайыс бәсекесінде үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері шымкенттік спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубогтары мен біріншіліктерге қатысып 315 алтын, 239 күміс, 284 қола медаль жеңіп алған болатын. Жыл басынан бері Шымкенттік спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубогтары мен біріншіліктерге қатысып 315 алтын, 239 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионатары мен кубогтарында қала спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 алтын, 5 күміс және 7 қола медальге ие болды. 5 айда 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 64 — Қазақстан Республикасының спорт шебері, 102 — спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.