Шымкенттік кәсіпкерге жер құқығын тіркеуден 16 рет бас тартқан

0
551

Сот шешіміне сәйкес, жер кәсіпкердің меншігіне банкротқа ұшыраған компанияның қарызын өтеу есебіне берілген.


Шымкенттік кәсіпкерге жер құқығын тіркеуден 16 рет бас тартқан

Шымкенттік кәсіпкерге жер құқығын тіркеуден 16 рет бас тартқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне мемлекеттік органмен соңғы бес жыл ішінде жер учаскелеріне құқық алудан 16 рет бас тартылған жеке кәсіпкер жүгінген.

Сот шешіміне сәйкес, жер кәсіпкердің меншігіне банкротқа ұшыраған компанияның қарызын өтеу есебіне берілген. Алайда, жергілікті атқарушы орган аталған тұлғаға жерді сауда-саттық арқылы алу қажеттілігі туралы, сондай-ақ үшінші тұлғалар арасында сот талқылауларының болуы секілді түрлі жауаптар берген. Шағымды Департамент кәсіпкерлер палатасымен және жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қарады. Жергілікті атқарушы органға жасалған ұсыныстардан кейін кәсіпкердің құқық белгілейтін құжаттарды беру туралы мәселесі шешімін тапты”, - делінген жазбада.