Айтуынша, несие алу қиындап, шығынға ұшырап жатыр.
«Шымкент кашемир» компаниясы кепілге қатысты проблемаларға байланысты қаржы ала алмай отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде «Шымкент кашемир» ЖШС директорының орынбасары Қанжарбайұлы Санат АЭА мен ИА-да жер учаскелерн рәсімдеу туралы мәселені көтерді.
Бүгінгі күні қатысушылар жерді субарендаға алады. Жалға берушінің өзі – басқарушы компания. Банктер мүлікті кепіл ретінде алмайды. 2020 жылы «Шымкент Кашемир» компаниясы кепілге қатысты пролемалар себебінен айналым қаражатын толықтыруға банктерден қаржы ала алмаған. Осыған байланысты компания толық жүктелмеген.
Сонымен қоса, 2021 жылы фабрика толық жұмыс жасау үшін айналым қаражатын толықтыру қажеттілігі айтылды.
Аталған жиында сонымен қатар, «AZALA Cotton» ЖШС директоры Тұрсынханов Бекет АЭА-ның барлық қатысушы-экспортшыларына қатысты біршама мәселелерді көтерді.
«Azala Cotton» ЖШС «Оңтүстік» АЭА мүшесі болып табылады және мақта-мата иірілген жіп шығарумен айналысады. «Azala Cotton» ЖШС мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті арасында кедендік преференцияларды қарастыратын келісімшарт жасалған. Келісімшартқа қосымшада өндірілетін өнім түрлері көрсетілген. Нәтижесінде декларацияға белгілі бір иірілген жіптің нөмірін жазу кезінде электронды декларациялау орталығы инвестицияларда көрсетілген атаудың сәйкессіздігін тіркейді. Яғни, тауарлардың мән-жайларын анықталғанға дейін жеткізу мерзімі ұзарады.
Айтуынша, декларациялау рәсімін жеңілдету мақсатында құрылған «Электрондық декларация орталығы» жұмысты едәуір қиындатуда. Жалпы, аталған пилоттық жоба АЭА қатысушыларының экспорттау барысын жеңілдетудің орнына, тиелген жүк көліктері 5 күнге дейін бос тұрып, шығынға ұшырауда екенін жеткізді.