Шымкенттік мектеп оқушысы — жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы

0
895

Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі.


Шымкенттік мектеп оқушысы — жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы

ERNUR.KZ. Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қаладағы № 52 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Айсұлу Мұхит чемпион атанды.

Байрақты бәсекеде 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшы финалда румыниялық боксшыны 3:2 есебімен жеңіп, ел мерейін үстем етті.
Бұл — Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі.
Бокс, жүгіру, жеңіл атлетика үйірмелеріне белсене қатысатын үздік оқушы осыған дейін халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.