Шымкенттік оқушы Азия чемпионы атанды

0
370

№ 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.


Шымкенттік оқушы Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Астанада өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемнің 35 мемлекетінен 500-ден астам былғары қолғап шебері қатысқан жарыста шымкенттік оқушы алтын алқа иеленді.

Бокстан 75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев - Білім басқармасына қарасты № 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан сайыпқырандарымен бәстескен жас спортшы Үндістан боксшысы Рахул Кундуды 4:1 есебімен ұтты.
Санжарәлі Бегалиев ҚР 2 дүркін және Азия чемпионы осыған дейін Иордания, Әзірбайжанда өткен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғады.