Шымкенттік оқушы халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді

0
1 376

Түрлі елдің намысын қорғаған 800- ден аса өнерлі бала бақ сынасқан байқау тартысты өтті.


Шымкенттік оқушы халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді

Шымкенттік оқушы халықаралық жарыстан жеңіспен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Маусым айының 3-4 аралығында Ташкентте өткен халықаралық "ZHULDYZ ART KAZAKHSTAH" конкурс-фестивалінде Шымкент қаласындағы N 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқышысы Ханша-Айым Арманқызы бас жүлдені иеленді.

5-сынып оқушысы Ханша-Айым өзінің жас ерекшелігінде вокал бағыты бойынша топ жарды. Түрлі елдің намысын қорғаған 800- ден аса өнерлі бала бақ сынасқан байқау тартысты өтті.
Бас жүлдегер түрлі тақырыптағы әндерді әуелете орындап, талайды таңдай қақтырды.
Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына жоғары баға берді. Осылайша Ханша-Айым Арманқызы тек өзі білім алатын мектебінің ғана емес, халықаралық шарада мегаполистің абыройын да асқақтатты.
Жеңімпаздың ұстазы аталған мектептің музыка пәнінің мұғалімі, вокал үйірмесінің жетекшісі Роза Амрина -
Құрмет белгісі орденінің иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Сондай -ақ Еңбек ардагері төсбелгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ұлағатты ұстаз төсбелгісімен марапатталған.

Шәкірттері бүгінде АҚШ, Германия, Чехия, Болгария, Греция, Түркия, Ресей, Өзбекстан республикаларында өткен вокал байқауларының жеңімпаздары.


Бөлісу