Шымкенттік оқушылар ОҚПУ грантын ұтып алды

0
103


Шымкенттік оқушылар ОҚПУ грантын ұтып алды

Астана қаласында «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Білім мен өнер сайысында бақ сынаған шымкенттік оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда Тәуке хан атындағы №85 мектептің оқушысы Бекарыс Рүстем білгірлер бәйгесінде 2-орын алды.
С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейдің оқушысы Батырхан Байданов «Әнші бұлбұлдар» номинациясында, ал Білім-инновация №1 лицей-интернатының оқушысы Мадияр Жүнісов сөз шеберлерінің арасында 3-орынға иелік етті.
Сонымен қатар, олимпиада барысында үздік өнер көрсеткен Батырхан Байдановқа Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ішкі білім гранты табысталды.
Бөлісу