Шымкенттік орта мектепте жаңа күрес залы ашылды

0
76

Жаңа спорт залы мектеп оқушыларының дене шынықтырумен және ұлттық күреспен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасап, спорттық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.


Шымкенттік орта мектепте жаңа күрес залы ашылды

Шымкент қаласындағы №140 «Келешек» мектебінде жаңа күрес залы ашылды.

Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан күрес федерациясының бірлескен «Мектеп күрес лигасы» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Іс-шараға Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов, тәжірибелі жаттықтырушылар мен спорт саласының өкілдері қатысты.
Жаңа спорт залы мектеп оқушыларының дене шынықтырумен және ұлттық күреспен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасап, спорттық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.
Бөлісу