​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ АСАН АСЫЛХАН – ЕҢ ЖАС ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫСЫ

0
68

Қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтіп жатыр.


​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ АСАН АСЫЛХАН – ЕҢ ЖАС ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫСЫ

Шымкент қаласының 16 жасар спортшысы Қысқы Олимпиадаға аттанған Қазақстан құрамасының сапындағы ең жас акробат атанып отыр. Оған қоса, ел қоржынындағы фристайл-акробатикадан 5 жолдаманың төртеуін шымкенттік саңлақтар ұтып алған.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Қысқы Олимпия ойындарында спорттың 10 түрінен қатысады. Төрт жылдықтың басты додасына барлығы 36 спортшы жолдама алып отыр.
Құрама сапындағы ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға түсетін Асан Асылхан Шымкент қаласындағы №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. 16 жасар жеткіншекке осы алғашқы Олимпиадасы үлкен сын әрі мол тәжірибе алаңы болғалы тұр.
Фристайл-акробатика сайысы 17 ақпан күні басталады. Бұл бәсекеде Асан Асылханмен қоса ел намысын Шымкент қаласынан Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов және Аяна Жолдас қорғап, өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтіп жатыр. Сайысқа әлемнің 93 елінен келген 3 500-ден астам спортшы қатысуда.
Бөлісу