Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – ерлермен қатар арулар да сынға түсіп жатыр.
Шымкент қаласының спортшысы, «Қос құлаш» стилінің шебері Түлкібай Азат теңге ілуден ІІ әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Осылайша жерлісіміз ұлттық спорт тарихында айрықша жетістікке қол жеткізіп отыр.
14-15 мамыр күндері Түркістан төрінде өткен дүбірлі додаға әлемнің 10 мемлекетінің спортшылары жиналды. Халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысушылар өзара бақ сынап, ұлттық спорттың көркін қыздыруда. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – ерлермен қатар арулар да сынға түсіп жатыр.
Әлем чемпионаты «Бес белес», «Қос құлаш», «Алтын тұяқ» стильдері бойынша ұйымдастырылуда. Осылайша байрақты бәсеке теңге ілу спортының халықаралық беделін арттырып қана қоймай, қазақ халқының төл мұрасын кеңінен дәріптеуге бағытталған маңызды алаңға айналды.


