Шымкенттіктер алғыс айту күнін атап өтті

0
2 568

Мерекелік шара - қаладағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өтті.


Шымкенттіктер алғыс айту күнін атап өтті

Шымкент қаласында алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Содан бері елімізде бұл күн айтулы мейрам болып атап өтілуде.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін «Алғыс айту» күні мерекесі бүгін Шымкент қаласында дәстүрлі түрде тойлануда. Осы орайда мерекелік шара - қаладағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алдындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қоюмен бастау алды. Сонымен қатар аталған шара Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында «Қазақ еліне мың алғыс!» мерекелік концертімен жалғасты.
Салтанатты жиын барысында Қазақстанға жер аударылған этностардың өткені мен бүгіні туралы бейнефильм көрсетілді.
Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 100-ден астам этнос өкілдері мекен етеді.