Шымкенттіктер «Chia Tai Tianging Group» қаржы пирамидасына 80 млн теңгеден астам қаржы салған

0
457

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.


Шымкенттіктер «Chia Tai Tianging Group» қаржы пирамидасына 80 млн теңгеден астам қаржы салған

«Chia Tai Tianging Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 миллитн теңге салған. Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына немесе көрсетілген нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз”, - делінген жазбада.