Марканы «Қазпочта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен сатып алуға болады.
«Қазпочта» АҚ Шымкент қаласы әкімдігінің ұсынысы бойынша «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» почта маркалары сериясы аясында «Шымкент қаласына 2200 жыл» почта маркасын қолданысқа енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Марканы «Қазпочта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен сатып алуға болады.
Айта кетсек, ЮНЕСКО Бас конференциясының 40-шы сессиясының шешімімен Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2020-2021 жылдарға арналған атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген болатын. Мерейтойды мерекелеу аясында қалада бірқатар іс-шаралар өткізілуде.