Есепті кезеңде қала экономикасына 145,3 млрд теңге инвестиция тартылды.
Шымкент қаласының 4 айдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 10,4 % құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен (өсім 4,2 %) жоғары.
2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты оң динамика қалыптасты.
Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 518,1 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 3,3%-ға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде өсім 1,9%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласында да оң көрсеткіштер байқалады. Жалпы өнім көлемі 18,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті.
Құрылыс саласында жоғары өсім қарқыны сақталуда. Құрылыс жұмыстарының көлемі 33%-ға артып, 70,6млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, 4 айдың қорытындысымен 355,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға жоғары болды.
Сауда саласында да өсім тіркелді. Жалпы сауда көлемі 1 017,8 млрд теңгені құрап, 17,1%-ға артты.
Қызмет көрсету секторында көлік қызметінің көлемі 147,8 млрд теңгеге жетіп, 9%-ға өсті.
Байланыс қызметі 5,1 млрд теңгені құрап, 7,4%-ға артты.
Есепті кезеңде қала экономикасына 145,3 млрд теңге инвестиция тартылды.


