Шымкенттің атышулы жергілікті полиция басшысы ұсталды

0
489

Уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Шымкенттің атышулы жергілікті полиция басшысы ұсталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

“Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.