Шымкенттің экологиялық жағдайы бақылауда

0
56

«Қазгидромет» мониторингі бойынша Шымкенттегі атмосфералық ауаның ластану деңгейі көтеріңкі деп бағалануда.


Шымкенттің экологиялық жағдайы бақылауда

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының экологиялық ахуалы, кәсіпорындарға жүргізілген бақылау жұмыстары, атмосфералық ауа сапасы және заңсыз қоқыс орындарын жою бағытындағы жұмыстар туралы айтылды.

2026 жылдың 9 айында Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті 36 тексеру жүргізген. Оның ішінде 17 мекемеге профилактикалық бақылау, 14 нысанға жоспардан тыс тексеру және 5 мекемеге талаптарға сәйкестігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде 63 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 36 нұсқама берілді.
Экологиялық талаптарды бұзған бірқатар кәсіпорындарға ірі көлемде айыппұл салынды. Заң талаптарын өрескел бұзған үш кәсіпорынның қызметін уақытша тоқтату туралы сотқа іс жолданып, сот шешімімен олардың жұмысы тоқтатылды. Бұдан бөлек, экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген «DIP TRANS LOGISTICS» ЖШС мен «Тазалық СК» ЖШС-ға да сот шешімімен айыппұл салынып, қызметі әртүрлі мерзімге тоқтатылды.
Қаладағы экологиялық ахуалдың маңызды бағыттарының бірі – атмосфералық ауа сапасын бақылау. «Қазгидромет» мониторингі бойынша Шымкенттегі атмосфералық ауаның ластану деңгейі көтеріңкі деп бағалануда. Қалада 4 ірі кәсіпорында – «ПКОП», «Стандартцемент», «Шымкентцемент» ЖШС-лары және «3-Энергоорталық» АҚ-да атмосфералық шығарындыларды автоматтандырылған бақылау жүйесі енгізіліп, онлайн мониторинг жүргізілуде.
Сонымен бірге тұрғындардан жағымсыз иістерге қатысты, әсіресе түнгі уақытта, шағымдар түсуде. Осыған байланысты Экология департаменті индустриялық аймақтарға іргелес аумақтарда, сондай-ақ «ПКОП» ЖШС маңында тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.
Бөлісу