30 мамыр күні 08:00 - 15:00 аралығында электр қуаты уақытша өшеді.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласының кейбір аудандарында электр қуаты уақытша өшіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
30 мамыр күні 08:00 - 15:00 аралығында 110 кВ "Восточный" қосалқы станциясының № 27, 30 ұяшықтарынан шығатын 10 кВ әуе желісі Арғынбеков көшесі бойы, Шаяхметов-Байтереков аралығын 10 кВ жер асты кабеліне ауыстырылуына байланысты электр қуаты уақытша өшеді.
Сол себепті, Нұрсәт, Солтүстік шығыс, Шапағат-2, Тараз шағын аудандарында электр қуаты сөндірілетін болады.