Шымкенттің су арналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
1 350

Аталған су арнасының қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды.


Шымкенттің су арналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласындағы каналдарда жүріп жатқан құрылыс барысын қадағалады, деп хабардайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Көксу, Чумчак, "Сай ниже водопада" су арналары күрделі жөндеуден өтуде.

Жоба бойынша 13, 5 шақырым "Көксу" арнасының ішіне 210 метрлік бетондалған трапеция, 3,3 шақырым Г тәрізді блок, 10 лоток орнатылады. Сондай-ақ су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған.
Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г- тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылған.
Күрделі жөндеуден өтіп жатқан "ЧУМЧАК" су арнасының жалпы ұзындығы 5,3 шықырым. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған.
Қазіргі уақытта жер қазу, көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы жергілікті тұрғындарға су берілуде.
Аталған су арнасының қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды.
"Сай ниже водопада" су арнасында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобада арнаның жалпы ұзындығы 8,2 шақырым, оның ішінде 504 метрлік блок, 10 лотогын ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ, су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген.
Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған.
Мұрат Дүйсенбекұлы каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.