Сот шешімімен Шымкент тұтынушыларына сапасыз қызметтер үшін өтемақы төленген

0
213

Жалпы сомасы 2 774 750 теңге тұтынушыларға қайтарылды.


Сот шешімімен Шымкент тұтынушыларына сапасыз қызметтер үшін өтемақы төленген

ERNUR.KZ. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында көптеген талап-арыздар бойынша сот отырыстарына қатысты. Нәтижесінде бірнеше жағдай бойынша тұтынушылардың құқықтары қалпына келтіріліп, сот оң шешім шығарды, ал жалпы сомасы 2 774 750 теңге тұтынушыларға қайтарылды.

Сот шешімімен қанағаттандырылған негізгі істер:
1. «Орынбасар-Сұлтан» ЖШС қызметі бойынша – департамент сотқа тұтынушылар тобының атынан талап-арыз беріп, 115 000 теңге сомасында өтемақы қайтарылды.
2. «SC CRAND» ЖШС қызметі бойынша – тұтынушылар тобының арызы бойынша сот шешімімен 165 000 теңге қайтарылды.
3. ЖК «Samurug Grup» және С.К. Алтынбекова арасындағы іс – сапасыз аяқ массажы құрылғысы үшін 343 000 теңге қайтарылды.
4. «Компания Эврика» ЖШС және В.В. Марков арасындағы іс – жарамсыз теледидар үшін 375 000 теңге өтемақы төленді.
5. «Белый Ветер» ЖШС-мен болған дау – сапасыз компьютер үшін 506 750 теңге, моральдық залал үшін 50 000 теңге, және өкілдік шығындар үшін 150 000 теңге қайтарылды және т.б.
Бұл істерде Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті белсенді түрде тұтынушылар құқығын қорғап, тұтынушылардың материалдық шығындарын қайтаруға елеулі үлес қосты.