​«СӨЗ МАРЖАНЫ – ТЕРМЕДЕ»: Республикалық термешілер байқауының жеңімпаздары анықталды

0
286

Қатысушылар терме өнерінің терең тағылымын, сөз құдіреті мен ұлттық дәстүрдің асыл мұрасын кеңінен насихаттап, көрермендерге рухани әсер сыйлады.


​«СӨЗ МАРЖАНЫ – ТЕРМЕДЕ»: Республикалық термешілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі терме өнерін дәріптеуге арналған «Сөз маржаны – термеде» республикалық термешілер байқауы өтті.

Ұлттық өнердің өрісін кеңейту, жыр-толғау дәстүрін жаңарту, рухани құндылықтарды ұлықтау және терме өнерінің жас ұрпақ арасындағы сабақтастығын нығайтуды мақсат еткен байқауға Түркістан, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан, сонымен қатар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының термешілері қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Байқаудың ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық өнерді ұлықтаудың маңыздылығына тоқталды.

Қатысушылар терме өнерінің терең тағылымын, сөз құдіреті мен ұлттық дәстүрдің асыл мұрасын кеңінен насихаттап, көрермендерге рухани әсер сыйлады.

Өнер сайысының қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, марапатталды:

Бас жүлде – Мағжан Сауытбек (Шымкент қаласы);
І орын – Бекарыс Көштаев (Жамбыл облысы);
ІІ орын – Қуаныш Алғазиев (Қызылорда облысы);
ІІІ орын – Батырхан Үсен (Шымкент қаласы);
ІІІ орын – Аружан Жұпарбекқызы (Алматы қаласы);
«Сарқылмас дарын» – Ернар Орынбасар (Солтүстік Қазақстан облысы);
«Өнерлі өрен» – Ерасыл Махан (Жетісу облысы);
«Дәстүрді дәріптеуші» – Ердәулет Келдібек (Ақтөбе облысы);
«Өнегелі ғибратшы» – Нұрлыбек Қалман (Ақмола облысы);
«Тәлімді термеші» – Ернұр Лес (Түркістан қаласы);
«Текті сөздің тарланы» – Ардақбек Өтебай (Түркістан облысы, Сайрам ауданы);
«Ұлт рухын ұлықтаушы» – Бибол Ғаппар (Астана қаласы);
«Терме ғибратшысы» – Байбатыр Жайсанбай (Түркістан облысы, Созақ ауданы).

Бөлісу