«Суицид – қоғам дерті»: Шымкентте психолог жастармен кездесу өткізді

0
453

Кездесуде суицид және оның алдын алу жолдары мен өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету туралы сөз қозғалды.


«Суицид – қоғам дерті»: Шымкентте психолог жастармен кездесу өткізді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Орталық Азия Инновациялық университетінде «Суицид – қоғам дерті» тақырыбында психолог жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесуге тәжірибелі психолог Алтынбек Срайылұлы және Жастар ресурстық орталығының психологы Сайдахан Жібек Мұратқызы қатысып, жастармен суицид және оның алдын алу жолдары мен өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету жөнінде сөз етті.

Кездесу барысында бірнеше әдістемелерді қолданып, жастармен пікір алмасып, кері байланыс орнатты.