​«Тасымалдаушы»: Шымкентте 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

0
139

Іс-шараның мақсаты – жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.


​«Тасымалдаушы»: Шымкентте 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Шымкент қаласында 28-30 шілде аралығында республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.

Іс-шараның алғашқы тәулігінде 543 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде такси қызметін заңсыз ұсынудың 72 дерегі, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың 68 фактісі, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың 47 дерегі және техникалық талаптарға сай келмейтін көлік құралдарын пайдаланудың 32 фактісі тіркелді. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жолаушылар тасымалы саласындағы заң талаптарын бұзудың өзге де деректері анықталды.
Шымкент қаласының Полиция департаменті жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін арттыру бағытындағы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады.
Бөлісу