«Тәуелсіздіктің ақ таңы»: Шымкентте кездесу кеші өтті

0
660

«Парасат жолы» жобасы аясында өткізілді.


«Тәуелсіздіктің ақ таңы»: Шымкентте кездесу кеші өтті

Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Парасат жолы» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тақырыпта кездесу кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кешті кітапхана қызметкері Сейтжанова Назира жүргізді.
Аталған кештің мақсаты - еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол бермей, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру.
Кештің қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Момбек Әбдәкімұлы, Сабырбек Нұрманұлы. Сонымен қоса, Желтоқсаншылар мүшесінің төрағасы Бейбіт Төлеметов, Сартаев Әбдурахман, Әбенов Нұрлан, Тұрлыбекова Сәуле, Оспанова Гүлмира, Шымкент Гарнизоны Әскери полиция бөлімінің Қаржы қызметінің бастығы аға лейтенант Ермеков Бақытжан Алибайұлы, Жол-көлік колледжінің оқытушысы Әбдікәрімова Ұлбосын, және жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығының мұғалімі Марғуба Мұхтарқызы өзінің бір топ оқушыларымен және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жанынан құрылған «Ақиқат» пікірсайыс орталығының төреғасы Абжан Темірхан Германұлы қатысты.