​TikTok арқылы жүргізуші куәлігі: Шымкентте ондаған адамды алдаған интернет-алаяқтық схемасы әшкереленді

0
73

Жалпы шығын 20 миллион теңгеден асқан


​TikTok арқылы жүргізуші куәлігі: Шымкентте ондаған адамды алдаған интернет-алаяқтық схемасы әшкереленді

фото: Шымкент ПД жариялаған видеодан скриншот

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері интернет-алаяқтықтың бірқатар дерегіне күдікті азаматтың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық схема ұйымдастырған. Арнайы ашылған парақшада ол жүргізуші куәлігін «жедел әрі қиындықсыз» алып беруге көмектесетін жалған қызметтерді белсенді түрде жарнамалаған. Клиенттерді тарту үшін сенімді көрінетін бейнероликтер мен жарнамалық жазбалар пайдаланылған.
Бұл уәдеге сенген азаматтар көрсетілген шоттарға ақша аударып отырған. Нәтижесінде 45-ке жуық қазақстандық зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын 20 миллион теңгеден асқан.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп, оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы тексерілуде.
Полиция ескертеді: заңда белгіленген тәртіптен тыс құжаттарды рәсімдеп беруді ұсыну – алаяқтықтың айқын белгісі. Азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді онлайн-жарнамаларға сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырамыз.
Бөлісу