Жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу жоспарланып отыр.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен кездесті.
Кездесуде «Бозарық» индустриялық аймағындағы құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды.
Холдинг басшысы жоба құрылысы жақын арада басталатынын айтты. Бірінші кезең аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады, ал кешен толық іске қосылған соң 5 мың жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу жоспарланып отыр. Инвестициялық жобалар жергілікті тұрғындарды жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді және бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, компания құрылыс уақытын қысқарту мақсатында қаламызда жылыжай салуға арналған құрылымдар шығаратын кәсіпорын ашуды көздеп отыр.