Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» сөзімен танысып, дәрігер ретінде төмендегі өте маңызды мәселе, балалар мен жастардың денсаулығы, мәселесіндегі пікрлеріне толық қосыламын:
«Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын»
«Мен былтырғы Құрылтайда балалар мен жастардың денсаулығына, яғни тұтас ұлттың болашағына орасан зор зиян келтіріп жатқан «вейптердің» таралуына тосқауыл қою үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айттым. Қазір Парламентте вейптерді елге әкелген, оны өндірген және таратқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр. Бұл қадам бүгінде сәнге айналған осы бір қауіпті кеселдің таралуын едәуір шектеп, бетін қайтаратынына сенімдімін»
«Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Оның қалай жасалатыны – белгілі, ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, соның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Бұл – ұлт саулығына да, еліміздің абырой-беделіне де кесірін тигізетін әдет. Біз өркениетті ел боламыз десек, одан толық арылуымыз керек», – деп айтқан сөздерін қолдай отырып, біз денсаулық сақтау қызметкерлері де балалар мен жастардың денсаулығына, яғни тұтас ұлттың болашағына орасан зор зиян келтіріп жатқан «вейптердің» таралуына тосқауыл қою үшін жастар мен жасөспірімдер арасында жұмыс жүргізуіміз, оларға түсіндіруіміз қажет деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай біз жалпы қоғам болып, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарында кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, ақпарат құралдары арқылы жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіспіз.
Шымкент қалалық өзбек этномәдени
қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
балалар дәрігері
Т.Ф.Нишанбаев