Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі.
Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдердің құндылығын дәріптеу мақсатында Шымкент қалалық сотының судьялары мен Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі, заманауи тарихпен қатар дамып келе жатқан ою-өрнекпен үйлестіріле безендірілген ұлттық киімдермен жұмыс орнына келді.
Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі және ұлттық киімі бар.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар алтын терең тарих.
Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткелі отырған «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.