​Үшінші мегаполисте жастар жалпы халықтың 21,7% пайызын құрайды

0
408

Қалада 8 жоғары және 38 арнаулы оқу орындары бар


​Үшінші мегаполисте жастар жалпы халықтың 21,7% пайызын құрайды

Үшінші мегаполисте жастар жалпы халықтың 21,7% пайызын немесе 239 986-адамды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалада 8 жоғары және 38 арнаулы оқу орындары бар. Бұл білім ордаларында 125 390 студент білім алуда. 2021 жылы қала әкімінің бастамасымен 4 ауданда Жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылды. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көрме орталығында өткен қала әкімдігінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесте айтылды.

«Жастар қоғамның қозғаушы күші» атты кеңес ашық әңгіме форматында өтті. Кеңесте мегаполис жастар саясатын қалыптастыруда, жұмыссыздықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
«Жастар - Отанға» жол картасы индикаторларының орындалу барысы қорытындыланып, алдағы атқарылатын жұмыстары сараланды. Кездесу барысында өңірімізде жас кәсіпкерлерге арналған жобалар, маусымдық жұмыстар мен жастар орталықтарының жұмысы қозғалды.
Жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы шаһарда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Баршаңызға белгілі биыл елімізде егемендіктің 30 жылдығы аталып өтіп жатыр. Шымкентте әрбір екінші адам немесе халықтың 52 пайызы тәуелсіздіктің төл тумалары. Орташа жас – 26. Шымшаһар – еліміздегі жастардың қаласы. Мегаполистің болашағы жарқын, жастардың мүмкіндіктері мол. Бүгінгі жастарға ең бірінші білім керек. Бұл ретте қаламызда 782 білім беру ұйымы бар. Кәсіпкерлік саласында және жастарды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз етуде де жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Еліміздің дамуында жастардың алатын орны өте ерекше. Мемлекет басшысы айтқандай, «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз, - деді Шыңғыс Мұқан.
Жиын барысында қаладағы жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, тұрғын үй салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар арнайы бейнеролик арқылы таныстырылды.