Вице-министр: «газдандыру бойынша Шымкент жоғары көрсеткішке ие»

0
376

Келесі жылы республикалық бюджеттен 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Вице-министр: «газдандыру бойынша Шымкент жоғары көрсеткішке ие»

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов жұмыс сапарында қаладағы жылу жүйесінің жағдайымен танысу мақсатында «3-Энергоорталық» мекемесінде болды.

Жергілікті тұрғындарды сапалы жылумен қамтуда атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды бақылады.


Сондай-ақ қала тұрғындарымен кездесіп, министрлік тарапынан үшінші мегаполистің энергетика және инфрақұрылымын дамыту бағытында қолға алынған жұмыстарды баяндады.

Ерлан Құдайбергенұлы бүгінгі таңда өңірлерді газдандыру бойынша Шымкент жоғары көрсеткішке ие екендігін жеткізді. Биыл республикалық бюджеттен 3 жобаны іске асыруға қаржы бөлінген. Нәтижесінде, Солтүстік-Саяжай шағын ауданындағы 26 мың халық көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Келесі жылы республикалық бюджеттен 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар 63 мың халқы бар Қайнарбұлақ елді мекенін табиғи газбен қамтуға мүмкіндік береді.
Кездесуге келген тұрғындар табиғи газ, сұйық газ және инфрақұрылымға қатысты сұрақтарына жауап алды.