WRO-2022 чемпионаты: Шымкенттік оқушылар жеңімпаз атанды

0
895

WRO-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналды.


WRO-2022 чемпионаты: Шымкенттік оқушылар жеңімпаз атанды

Шымкенттік оқушылар робототехника бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылдың 29-30 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионат өтті.
WRO-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналды.
Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатынан ұлттық чемпионатқа 9 "Б" сынып оқушысы Тойлыбаев Олжас мен 8 "Ә" сынып оқушысы Қаныбек Әмина қатысып, өз бақтарын сынаған болатын.
Нәтижесінде жас зияткерлер World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионаттың жүлделі І орын иегерлері атанды.
Олар Robosport санаты бойынша жарысқа түсті.
Жеңімпаздарымыз ендігі кезекте оқу жаттықтыру жиыны жазғы мектебіне қатысып, олимпиаданың халықаралық кезеңіне дайындықты бастайды. Сондай-ақ 2022 жылғы 17-19 қарашада Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 халықаралық кезеңіне қатысады.

Айта кетейік, Шымкенттік оқушылар Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған Demo Day алаңында да жеңімпаз атанды. Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектепте «Caspian Startup-2022» халықаралық стартаптар байқауы өткізілді. 2022 жылы дәстүрлі байқауға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстаннан 120-дан астам жоба келіп түскен. Олардың барлығы табысты стартаптарды құру және ілгерілетуге, сондай-ақ стартап мәдениетін қалыптастыруға, инвесторлар тартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған. Сондай-ақ бұл жылы алғаш рет «Caspian Startup-2022» байқауымен қатар, Зияткерлік мектептер мен Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған жаңа жобасының қатысушыларын біріктіретін Demo Day шарасы өтті. Одан алдын үш ай бойы NIS оқушылары Astana HUB-та онлайн оқудан өтіп, тәлімгерлермен бірлесіп өз жобаларын әзірлеген болатын.

Аталмыш байқауға Шымкенттік Зияткерлік мектептің оқушылары да қатысып, өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Ұсынылған жобалардың ішінде Шымкенттік қос NIS оқушыларының «Colight» командасы: Зинаэнур Ислам, Қадіржан Лутфуллаев, Нариман Исаев, Ақбота Сәрсембекова стартаптары үздік деп танылды.