​«Заң мен Тәртіп»: Шымкентте киберқылмысқа қарсы жаңа деңгейдегі шаралар талқыланды

0
64

Бұл тетік азаматтарды қаржылық шығыннан қорғауға бағытталған.


​«Заң мен Тәртіп»: Шымкентте киберқылмысқа қарсы жаңа деңгейдегі шаралар талқыланды

Шымкент қаласында «Кибернадзор» жобасы аясында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға полиция, қаржы ұйымдары және екінші деңгейлі банктер өкілдері қатысып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мен азаматтарды қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды.

Жиын барысында 2026 жылдан бастап енгізілетін бірқатар жаңашыл шешімдер таныстырылды. Атап айтқанда, күмәнді қоңырауларды автоматты түрде анықтап, азамат телефон арқылы ықтимал алаяқпен сөйлесіп тұрған сәтте банк аударымдарын уақытша бұғаттайтын жүйелерді енгізу мәселесі қаралды. Бұл тетік азаматтарды қаржылық шығыннан қорғауға бағытталған.
Сонымен қатар арнайы бөлімшелерді күшейту, оларды заманауи цифрлық зертханалармен жабдықтау және жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру жоспарланып отыр. Кездесу қорытындысы бойынша интернет-қылмыстардың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
Бөлісу