​Жаңа Конституция – жаңа қоғамның құқықтық негізі

0
70

Ғылым мен білім беру жүйесіне цифрландыру тетіктері енгізіліп жатқан кезеңде азаматтардың құқықтарын, жеке деректерін цифрлық кеңістікте қорғау айрықша маңызға ие.


​Жаңа Конституция – жаңа қоғамның құқықтық негізі

Шымкент қаласындағы №12 мектепте жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесу өтті. Іс-шара барысында арнайы спикердің құжаттың негізгі бағыттары мен оның қоғам дамуына ықпалы жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Жиында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов сөз сөйлеп, Конституцияның қалыптасу кезеңдеріне тоқталды. Ол қолданыстағы Ата заң елдің қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңінде тарихи миссиясын абыроймен атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа кезеңде заман талабына сай жаңартылған құқықтық негіздің қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді.
– Жаңа трансформациялық қоғамда бізге жаңа мазмұндағы Конституция қажет. Ғылым мен білім беру жүйесіне цифрландыру тетіктері енгізіліп жатқан кезеңде азаматтардың құқықтарын, жеке деректерін цифрлық кеңістікте қорғау айрықша маңызға ие. Жаңа Конституция жобасында адам құқығы ең басты құндылық ретінде айқындалған. Сондықтан жастар білім мен ғылымға ұмтылып, құқықтық сауаттылығын арттыруы тиіс. Адал еңбек етіп, қоғамнан өз орнын табуы маңызды, – деді спикер.
Кездесу барысында білім мен ғылымды дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты екені атап өтілді. Мектеп директорының орынбасары Әйгерім Аманжолова да сөз алып, жаңа Конституция жобасында тәуелсіздік құндылықтарының, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім идеяларының көрініс табуы маңызды екенін айтты. Оның пікірінше, азаматтарды цифрлық тұрғыда қорғауға бағытталған нормалар қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституцияға қатысты жан-жақты ақпарат алып, оны қолдайтындарын жеткізді.
Бөлісу