«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу»: Шымкентте оқушылармен кездесу өтті

0
904

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу»: Шымкентте оқушылармен кездесу өтті

Шымкентік полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептерінде «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жасұлан Әбдуали Саз мектебінің оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23:00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Сонымен қоса, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына, жасөспірімдерге, студенттерге, ата-аналарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын жеткізу және жаңа психоактивті заттардың таралуының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, №55 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткі заттарын тұтынудың зияндығы жөнінде арнайы сабақтар өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.