Жастар арасында білім беру онлайн-лагерінің тренингтері өтті

0
848

Тренингке үзік деген 100 белсенді жас қатысыты.


Жастар арасында білім беру онлайн-лагерінің тренингтері өтті

Шымкентте республикалық «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасындағы әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасының білім беру онлайн-лагерінің тренингтері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаның ұйымдастырушысы Ұлттық Дельфий Комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Оқыту Halyk Tarihy мобильдік қосымшасы базасында ашық қолжетімділікте орналастырылған жобаның интеллектуалды викторинасына қатысу арқылы алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі этномәдени бірлестіктердің 100 белсендісіне арналып өткізілді.

5 күн бойы білім берутренингтерінің қатысушылары келесі: көпэтносты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үлгісінің негізгі аспектілері; тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды топтастыру;қазақ тілі – этносаралық келісімнің негізі, жобаларды басқару және жаңа медиа қоғамдық пікірге әсер ету құралы ретінде аталмыш бағыттарды қамтыды.

Жоба тренерлері ретінде Қазақстан Халық ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов,«Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ төрағасының орынбасары, ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖБ төрағасыТимур Жұмырбаев, Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы МБА филиалының директоры Белла Газдиева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессорыНаталья Калашникова, PR-эксперт, «Rona Group» коммуникациялық агенттінің жетекшісі Мира Билялова,"Вolashak RL” жобаларды басқару тобының жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУдокторантыБірлік Меңдібаев қатысты.

Тренингтің нәтижесі бойынша 20 белсенді қатысушыSoft skillsсұранысқа ие машықтар бойынша курстан өткендігі жайлы сертификат пен Қолданбалы этносаяси зерттеу институтында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінгі таңда жоба аясында Ұлттық Дельфий Комитетініңәлеуметтік желілерінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, жастардың бірыңғай құндылықтарын, бірыңғай тарихи санасын қалыптастыру бойынша білім беру бейнедәрістері орналастырылған. Әрбір көңілі қалаған жан Ұлттық Дельфий комитетінің youtube-арнасындағы материалды тыңдай алады.

Жастар арасындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында жоба шеңберінде Ұлттық Дельфий Комитеті тұлғаның эстетикалық және зияткерлік дамуына бағытталған онлайн шеберліксағаттарын өткізді. Жоба спикерлері профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Байқоңыр Ижанов, қоюшы режиссер, қоғам қайраткері Мейіржан Әлиақбаров және т.б. тұлғалар болып табылды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, аталған жобаны өткізу қазақстандық жастар арасында әлеуметтік бірлік, мәдени мұра және этникалық ынтымақтастық құндылықтарын кеңінен ашуға мүмкіндік береді.