“Жастар қоғамның қозғаушы күші”: Шымкентте жастар саясаты жөніндегі кеңес өтті

0
607

Кеңес соңында аталған мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстар тыңдалды.


“Жастар қоғамның қозғаушы күші”: Шымкентте жастар саясаты жөніндегі кеңес өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар қоғамның қозғаушы күші» атты Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеңестің мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда және жастар арасындағы шешімін таппаған күрделі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалау.
Аталған кеңеске Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, құқық қорғау және аумақтық департамент басшылары, қала әкімдігінің басқарма басшылары, жоғарғы оқу орындардың басшылары мен белсенді жастар және БАҚ өкілдері офлайн режимінде қатысса, кәсіпорындардағы және аудандық Жастар ресурстық орталықтары арқылы белсенді жастар онлайн ЗУУМ арқылы қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Кеңесте Шымкент қаласындағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуында жеткізген нәтижелері, жастардың дамуы мен шешімін таппай жүрген мәселелер айтылып, мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланып, нәтижесін көріп отырған жастар өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ кеңес соңында аталған мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстар тыңдалып, хаттамалық тапсырмаға енгізілді.