Шымкентте Жастар ресурстық орталығы «Деструктивті діни ағымдардың кері ықпалы» тақырыбында Индустриалды техникалык колледж студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дәулетұлы Көбей қатысты.
- Дәстүрлі дінге жат ағымдардың ұстанымдары жөнінде әлемдік ақпарат көздерінде кеңінен насихатталып келеді. Дегенмен, жат ағымның жетегіне кетіп, бармақ шайнап жатқандар да баршылық. Өздеріңізбен жүздесудегі басты мақсатта осы. Дінге қатысты қандайда сұрақтар болса, қашанда жауап беруге дайынбыз, - деді теолог маман.
Сонымен қатар, сала қызметкерлері діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына немесе жалпы мешіт имамдарына хабарласуға шақырды.