"Жасыл қала" - Шымкент қаласының әкімі Лондонда келіссөз жүргізді

0
1 237

Меморандумның мақсаты – заманауи жарықтандыру және кәріз жүйесінің құрылысын жүргізу


Үшінші мегаполис әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Лондон қаласындағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің штабпәтерінде келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы үшінші мегаполис әкімі өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялады.

«Бүгін Лондондағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің штабпәтеріне бардым. Келіссөздер нәтижесінде Шымкентті ЕҚДБ әлемдік «жасыл қалалар» жобасына енгізу туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл қаланы жарықтандыру және жаңа кәріздік тазарту жүйелерінің құрылыстарын жүргізу жөніндегі жобаларды іске қосуға және қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл бастама тұрғысынан Шымкент Қазақстандағы алғашқы қала болып, әлемдік тізімнен 31-ші орынды иеленді. Келешекте Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында заманауи экологиялық жобаларды енгізу саясатын жүргізетін болады. Бұл жобалардың құны – 100 млн АҚШ долларын құрайды», - деп мәлімдеді Ғабидулла Әбдірахымов.

Айта кетейік, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) — халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым. Ол Орталық және Шығыс Еуропа елдерін ұзақ мерзімге несиелендіреді.