ШЫМКЕНТ: экологиялық мәселелерді шешуге бекітілген Жол картасына өзгерістер енгізілді

0
877

Ұсыныстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына жолданды.


ШЫМКЕНТ: экологиялық мәселелерді шешуге бекітілген Жол картасына өзгерістер енгізілді
Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша бекітілген Жол картасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін Ақпарттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының Экология депаратментінің басшысы Е. Қозыбаев айтты.

Бұл өзгеріс енгізілген Жол картасында маңызды іс-шаралар қарастырылған. Олар: «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-нің санитарлық қорғау аймағын көгалдандыру үшін жер учаскелерін анықтау және заңды түрде ресімдеу, қалада нөсер жауын канализациялық жүйесінің құрылысы, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылым құру, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу инфрақұрылымын құру, қала аумағынан ағып өтетін өзендердің су қорғау аймағы мен белдеулерін бекіту, «Қошқар ата» өзенін абаттандыру және басқа да қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар енгізілген. Жол картасының орындалу деңгейі Министрліктің бақылауында тұр, - деді департемент басшысы.

Сондай-ақ қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасымен Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде.
Шымкент қаласының экология департаменті тарапынан қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ұсыныстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына жолданды.

Сонымен қатар, аталған брифингте Ермахан Қозыбаев экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген 2 кәсіпорынның қызметі соттың шешімімен тоқтатылғанын айтты. Тағы 3 кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеру тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде екенін, қозғалған әкімшілік істер ішінде Заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегі бойынша 3 жеке тұлғаға жалпы сомасы 198 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынғанын да мәлімдеді.

ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде, Шымкент қаласының Тұран, Абай, Еңбекші, Қаратау және Әл-Фараби аудан прокуратураларының Қаулысымен жолаушылар тасымалын және техникалық тексеруді жүзеге асыратын 17 автопаркке тексеру тағайындалып, Шымкент қаласының экология департаментінің мамандары тексеріске қатысып жатқаны айтылды.