«ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ»: Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы құрылды

0
363

Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы 10 миллион теңге 20 тонна гуманитарлық көмектің алғашқы легін жөнелтті.


«ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ»: Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы құрылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясының су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету жөніндегі "Жүректен жүрекке" арнайы жобасы туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясында Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб басшысы Мовсисян Наира Майтархановна, штаб басшысының орынбасары, Шымкент қаласының корей этномәдени орталығының төрағасы Пан Юрий Родионович және штаб басшысының орынбасары, Шымкент қаласының Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Нишанбаев Тахирбек Фархадұлы жоба туралы баяндады.
Спикерлердің сөзінше, 2024 жылғы 6 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы 10 миллион теңге 20 тонна гуманитарлық көмектің алғашқы легін жөнелтті. Айта кету керек, көмек Атырауға жіберілді. Көмек жинауға арналған қайырымдылық акциясы ҚХА «ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ» акциясы аясында өтті. Гуманитарлық көмектің 20 тонналық екінші партиясы жөнелтуге дайын.
Бүгінгі таңда гуманитарлық көмекті қабылдаудың 2 орталығы жұмыс істеуде:
Біріншісі, ҚХА Достық үйі базасында, Желтоқсан 9/4;
Екіншісі, «Арай» ЖШС аумағында, Тассай ықшам ауданы, 226, 353 квартал.
Шымкент қаласының әрбір қамқор тұрғыны азық-түлік, бірінші қажеттілік, киім-кешек және т.б. заттарды алып келіп, өткізе алатынын жеткізді спикерлер.
Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсету және оларға көмек көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтары құрылды.
ҚХА жанынан құрылған республикалық және өңірлік штабының жұмысын үйлестіру үшін күн сайын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың және Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және «Ассамблея жастары» ұйымымен штаб отырыстары зум арқылы өтуде.
Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі Шымкент қалалық штабының жетекшісі болып – Шымкент қалалық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Мавсисян Наира Майтархановна бекітілді.
Оның құрамына үш этномәдени бірлестіктердің төрағалары орынбасары болып енгізілген. Олар: Пан Юрий Радионович - су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб жетекшісінің орынбасары, Шымкент қалалық корей этномәдени орталығының төрағасы.
Нишанбаев Тахирбек Фархадович - су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб жетекшісінің орынбасары, өзбек этномәдени орталығының төрағасы.

Сулейманов Исмат Камалович - су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб жетекшісінің орынбасары, күрді этномәдени орталығының төрағасы.

Бөлісу