10 дүркін Олимпиада чемпионы жарыс кезінде аса ауыр жарақат алды

0
103

29 жастағы Йоханнес Клебо қысқы спорттағы ең табысты шаңғышылардың бірі. Ол 15 дүркін әлем чемпионы.


10 дүркін Олимпиада чемпионы жарыс кезінде аса ауыр жарақат алды

Фото:Olympic.com

ERNUR.KZ. Норвегияның атақты шаңғышысы, Олимпиада ойындарының 10 дүркін чемпионы Йоханнес Клебо өз елінде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жарыс кезінде ауыр жарақат алып, бәсекені аяқтай алмады, деп жазады stan.kz.

Сарапшылар жарыс басталмай тұрып норвегиялық шаңғышының жеңіске жететініне күмән келтірмеген еді.

Алайда жарыс барысында күтпеген жағдай орын алды.

Клебо америкалық шаңғышы Бен Огденнің артынан құлап, мұзды жолға желке тұсымен соғылған. Сондай-ақ тағы төрт шаңғышы құлаған.

Жарақат алған төрт шаңғышының екеуі мәре сызығына жеткенімен, норвегиялық спортшы ұзақ уақыт бойы орнынан тұра алмады.

Кейін ол ауруханаға жеткізіліп, басынан қатты соққы алғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 29 жастағы Йоханнес Клебо қысқы спорттағы ең табысты шаңғышылардың бірі. Ол 15 дүркін әлем чемпионы.

Бұған дейін Қысқы Олимпиада тарихында ең көп алтын медаль алған норвегиялық спортшы Марит Бьорген. Оның еншісінде 8 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар.

Сондай-ақ норвегиялық шаңғышы Бьорн Дэли 8 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алған. Ал биатлоншы Оле Эйнар Бьорндаленнің қоржынында 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль бар.