13 жастағы футболшы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

0
90

Ресми мәлімдемеде айтылғандай, қайғылы оқиғаға жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.


13 жастағы футболшы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. "Лион" француз футбол академиясының жас тәрбиеленушісі 16 жасар жасөспірімді кеудесіне пышақ салып, өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады zakon.kz.

BFMTV мәліметінше, қайғылы оқиға Лион Калюир-э-Кюир маңында болған. Жергілікті полиция күдікті жас футболшының үш адамнан тұратын топты пышақпен қорқытып, олардың біреуінің кеудесіне пышақ сұққанын анықтады.

Зардап шеккен 16 жасар жасөспірім ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал, күдікті ізін суытып үлгерген. Дегенмен, жақын маңнан оның суық қаруы табылды.

Ресми мәлімдемеде айтылғандай, қайғылы оқиғаға жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.