22 нокауты бар чемпион Жәнібекпен жекпе-жекке келісті

0
411

Бірақ Чарло бір шарт қойды - ол осы дивизионда қалса ғана айқасады.


22 нокауты бар чемпион Жәнібекпен жекпе-жекке келісті

ERNUR.KZ. Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (33-0, 22 KO) осы дивизионда IBF және WBO титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жекке алдын ала келісім берді, деп жазады vesti.kz.

Бірақ Чарло бір шарт қойды - ол осы дивизионда қалса ғана айқасады.

"Мен үлкен жекпе-жек жектер өткізгім келеді. Жәнібекпен және міндетті қарсыласыммен, аты кім еді... Карлос Адамеспен жұдырықтасамын. Олар жарап тұр, ілгерлеп келеді. Ал мен оларға мүмкіндік беретін боксшымын. Мен ешқашан ешкімнен қашқан емеспін, ешкімнен қорыққан да жоқпын. Егер орайы келсе, мені оларға қарсы рингте көресіздер. WBC менің нағыз чемпион екенімді түсініп отырғанына алғыс білдіремін. Егер орта дивизионда қалып жатсам, келесі жекпе-жекте титул сарапқа салынады", - деп береді Чарлоның сөзін BoxingScene.