Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

0
137

Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында Әбиба алғаш рет финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.


Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошы, 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әбиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде екінші орынға көтерілді. Бұл – қазақстандық әйелдер дзюдосы тарихындағы рекордтық нәтиже, деп жазады baq.kz.

Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында Әбиба алғаш рет финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Осы жетістігінің арқасында ол рейтингте екі саты жоғарылап, 5662 ұпаймен әлемнің үздік дзюдошылары қатарынан орын алды.

Жаңартылған рейтингке сәйкес, үш бірдей отандасымыз өз салмақ дәрежелерінде ТОП-10-ға кірді:

  • Әбиба Әбужақынова (48 кг) – 2-орын;
  • Ғұсман Қырғызбаев 7 саты жоғарылап, ТОП-10-ға енді;
  • Елдос Сметов жарыстарға биыл қатыспаса да, 9-орында.

Бұдан бөлек, 60 келідегі Мағжан Шамшадин 19-орынға көтерілсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) рейтингтегі орындарын сақтап қалды. Абылайхан 14-орында, Нұрлыхан 26-орында тұр. Әлем чемпионатында 90 келіде белдескен Мейірлан Максим бірден 36 саты көтеріліп, 41-орынға жоғарылады. 100 келіден жоғары салмақта белдесетін Ерасыл Қажыбаев та әлем чемпионатынан кейін жағдайын жақсартып алды. Рейтингте 7 сатыға жоғарылап, ТОП-20 дзюдошының қатарына қосылды.

Әбибаның жетістігі – тек жеке табыс емес, ол қазақстандық дзюдо мектебінің өсуін айқындайтын көрсеткіш. Париж Олимпиадасына бір жылдай ғана уақыт қалғанын ескерсек, бұл рейтинг олимпиадалық дайындықтағы сенімді қадам болып саналады.