Мексика құрамасы 1/16 финалда Эквадор құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Фото: unotv.com
ERNUR.KZ. Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шығуын қамтамасыз еткен Мексика құрамасының Эквадор командасын жеңуі Мехикода ауқымды мерекелеуге себеп болды. Көшелерге бір миллионнан астам адам шықты, олар матчті тамашалау және нәтижені атап өту үшін қаланың әртүрлі жерлеріне жиналды, деп жазады tengrisport.kz.
Мехикода жаппай тойлау кезінде үш адам қайтыс болған. Қайғылы жағдай алаңдағы "Тәуелсіздік періштесі" ескерткішінің алдында болған.
Мехико денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 48 жастағы әйел қайтыс болған. Оны ес-түссіз көшеден тапқан. Дәрігерлер реанимациялық іс-шаралар жасап, оны ауруханаға жеткізгенімен әйелді құтқару мүмкін болмаған.
Кейінірек, ведомство жедел жәрдем бригадасы 44 жастағы ер адам мен 19 жастағы қызға көмек көрсетпек болғанын, бірақ олардың өлімі тіркелгенін хабарлаған.
Мехико мэрі Клара Бругада X желісінде марқұмдардың отбасына көңіл айтып, тұрғындарды "жауапкершілікпен, қамқорлықпен тойлауға" шақырды.
Еске салайық, Мексика құрамасы 1/16 финалда Эквадор құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Команда соңғы рет 1986 жылғы өз алаңында өткен турнирде плей-офф кезеңінің алғашқы сатысынан өткен болатын. Сол кезде олар 1/8 финалда Болгария құрамасын жарыстан шығарып жіберген еді.


