​Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында АҚШ балуанын жеңді

0
80

60 келіге дейінгі салмақта ол 1/16 финалда АҚШ спортшысы Максвелл Блэкті 7:1 есебімен тізе бүктірді.


​Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында АҚШ балуанын жеңді

Фото: ҚР ҰОК

ERNUR.KZ. Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады inform.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақта ол 1/16 финалда АҚШ спортшысы Максвелл Блэкті 7:1 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша грек-рим күресінен әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.
Сонымен қатар 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетқанов та 1/8 финалға шықты. Ол финляндиялық Матиас Липастиден 3:0 есебімен басым түсті.
Ал 97 келіге дейінгі салмақтағы Рахат Бержанов грузин балуаны Георгий Мелияға 2:7 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Демеу Жадраев әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысатын болды.