​Әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финалда отандық 10 боксшы сынға түседі

0
209

Жартылай финалға алты-алтыдан спортшылар шыққан Қазақстан, Түркия мен Сербия екінші орында келеді.


​Әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финалда отандық 10 боксшы сынға түседі

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

ERNUR.KZ. Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты ½ финалында бүгін, 14 наурызда қазақстандық алты боксшы сынға түседі, деп жазады inform.kz.

Ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Наталья Богданова (70 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Жартылай финал (Қазақстан уақытымен):
19:15. 60 келі. Виктория Графеева — Наталья Шадрина (Сербия)
22:00. 48 келі. Назым Қызайбай — Хон Кён Рён (Солтүстік Корея)
22:15. 50 келі. Алуа Балқыбекова — Ан Кум Бёл (Солтүстік Корея)
23:30 .63 келі. Аида Әбікеева — Елена Бабичева (Ресей)
00:00. 70 келі. Наталья Богданова — Лиза Эдель О’Рурк (Ирландия)
00:45. 81 келіден жоғары. Елдана Тәліпова — Дарья Сазонова (Молдова).
Ширек финалда Жайна Шекербекова (54 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Надежда Рябец (75 келі) жарысты аяқтады.
Сондай-ақ оған дейін Анита Адишева (52 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберді.
Жартылай финалға алты-алтыдан спортшылар шыққан Қазақстан, Түркия мен Сербия екінші орында келеді. Бұл жөнінен көш басында тұрған Ресейдің жеті боксшысы финалға жолдаманы сарапқа салады. Ал Қытай — бес, Өзбекстан — төрт, Таиланд пен Солтүстік Корея — үш, Ирландия мен Марокко — екі, Вьетнам, Беларусь, Словакия және Молдова — бір спортшыға сенім артады.