Әлем чемпионы титулын қорғар алдында допингпен ұсталды

0
591

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) өкілдері бұл жағдай бойынша зерттеу аяқталмайынша, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.


Әлем чемпионы титулын қорғар алдында допингпен ұсталды

ERNUR.KZ. WBC нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Оскар Вальдес Допингке ерікті тестілеу қауымдастығының (VADA) антидопингтік тестінен өте алмай қалды. Боксшының ағзасынан тыйым салынған препарат фенетермин табылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) өкілдері бұл жағдай бойынша зерттеу аяқталмайынша, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Осылайша, АҚШ-тың Аризона штаты, Тусон қаласында Casino Del Sol-да 10 қыркүйекке жоспарланған Оскар мен бразилиялық Робсон Консейсан арасындағы жекпе-жектің тағдыры белгісіз болып отыр.

Еске сала кетейік, Оскар осы жылдың 20 ақпанында екінші жеңіл салмақта чемпион белдігін жеңіп алды. Ол оныншы раунда өзінің отандасы Мигель Берчельтаны нокаутқа жіберген болатын.