Әлем кубогы: Назым Қызайбай финалға шықты

0
123

​Ол жартылай финалда жапон қызы Хикару Шинохараға қарсы қолғап түйістірді.


Әлем кубогы: Назым Қызайбай финалға шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Әлем кубогының алтын жүлдесіне таласады, деп жазады sputnik.kz.

Назым Қызайбай 48 кг салмақта жартылай финалда жапон қызы Хикару Шинохараға қарсы қолғап түйістірді.
Тартысқа толы бәсекеде Назым Қызайбай қарсыласынан басым түсті. Айта кетері, жапон боксшысы 2024 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы болған.
Осылайша Назым Қызайбай 4:1 есебімен финалға шықты.
Айта кетері, байрақты доданың бесінші күнінде ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. 90 келі салмақта Сағындық Тоғамбай 90 келі салмақта жартылай финалда сүрініп, қола жүлдеге ие болды.